5 ұпай – 5-орын

5 ұпай – 5-орын
ашық дереккөз
5 ұпай – 5-орын

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін Латвияда жеңіспен аяқтады

Футболдан «Еуро – 2016» додасының іріктеу сынында бақ сынаған Қазақстан құрама командасы соңғы турды жеңіспен аяқтады. Латвия астанасы Ригада өткен кездесуде қос елдің ұлттық құрамасы бесінші орын үшін талас жүргізді. Кескілескен ұрыс жағдайында өткен матчта қазақстандық футболшылардың мерейі үстем болды. Ойынның алғашқы бөлігінде есеп ашылмағанымен, кездесудің екінші кезеңінде команданың жас футболшысы Исламбек Қуат белсенді. Қуат осымен ұлттық құрамада екінші ойын қатарынан мергендік танытты. Голландияға қарсы ойынның соңғы минутында жалқы голдың авторы атанған «Қайрат» командасының футболшысы бұл кездесудің 65-минутында мергендігімен көзге түсті. Иә, соңғы турдағы жеңіс ұлттық құраманы соңғы орыннан құтқарып қалды. Енді алдағы додалардың іріктеу кезеңдерінде еліміздің бас командасы бұдан да жоғары нәтиже көрсететініне сенім артамыз. Айтпақшы, Балтық жағалауында өткен матч алдында букмекерлік кеңселер Латвия командасын фаворит санаған болатын. Ендеше қағазда көбінесе аутсайдер саналатын Қазақстан құрама командасы тосын сый жасауын жалғастыра берсін!

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар