жолбарыстар жекпе-жегін көруге дайынсыз ба?

жолбарыстар  жекпе-жегін  көруге  дайынсыз  ба?
ашық дереккөз
жолбарыстар жекпе-жегін көруге дайынсыз ба?

Головкин-Лемье кездесуіне жоспарланған билеттің бәрі сатылып кетті

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы саңлағымыз Геннадий Головкин АҚШ уақыты бойынша 17 қазан, Қазақстан уақыты бойынша 18 қазан күні таңғысын бірлескен тұжырымдар кездесуін өткізеді. WBA супер чемпионы, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, WBC нұсқасы бойынша әлемнің уақытша чемпионы Головкиннің қарсыласы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, канадалық панчер – Давид Лемье. Қарсыластарын нокаутқа жіберу бойынша орта салмақтың қос рекодсменінің кездесуін әлем жұртшылығы тамашалауға ынтық. Қазіргі таңда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гардэн» кешенінде өтетін кездесудің билеттері түгелімен сатылып кетті. Тұңғыш рет «HBO PPV» (ақылы трансляция) арнасынан тікелей эфирде көрсетілетін жекпе-жекті сатып алып көрушілер де көп болады деп күтілуде. Жалпы, Давид Лемьенің ілгеріде Хоакин Альсин мен Марко Антонио Рубиоға жеңілгенін айтқан болатынбыз. Дегенмен, HBO арнасындағы «Жүзбе-жүз» бағдарламасында жүздескен қос боксшы кездесу туралы ойларын ортаға салды. Қос қарсыласты қайрау, шағыстыру мақсатында ұйымдастырылатын шоуда Давид Лемье «Мен қалайда Головкинді жеңемін. Күтіңіздер. Әлем таңғалатын болады» десе, Геннадий Головкин: «Жеңіске жетуге тырысамын» деп салқынқандылық танытты. Мамандар жыл жекпе-жегі деп бағалап отырған кездесуді 18 қазан күні таңғысын ұлттық арнадан көре аласыздар. Андеркарт кездесулер 06.30-07.00 шамасында басталады. Негізгі кездесу алдында өтетін бұл жекпе-жектерде де мықты жігіттер шайқасады. Қапы қалмаңыздар!

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар