Ертай ауылындағы жаңа мектептің ашылу салтанаты Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келді. Құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған 120 орындық мектепке республикалық бюджеттен 392 миллион теңге бөлінген. Оның құрылысын «Самғау фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Мерекедегідей түрлі түсті шарлармен безендірілген білім ошағының ауласында оқушылар сап түзеді. Аудан әкімінің орынбасары Нарбай Ергебеков оқушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтады. – Құрметті Ертай ауылының тұрғындары. Бүгін елімізде үлкен мереке. Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілуде. Сонымен бірге, аудан орталығынан шалғай орналасқан сіздердің ауылда тойға тарту ретінде жаңа мектеп ашылып отыр. Бұл мектептен елімізге белгілі талай азаматтар түлеп ұшты. Олардың ішінде сіздердің жерлестеріңіз академик Лесбек Сейтбеков, Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев және басқа азаматтар бар. Болашақта да жаңа мектептен сондай, елге белгілі, білімді азаматтар көптеп шыға берсін! Жаңа мектеп құтты болсын! – деді. Одан кейін ауыл тұрғындарын ардагер ұстаз, көп балалы ана Гүлжан Нұрлықұлова құттықтап, осындай мектеп салып, қуанышқа бөлегені үшін Елбасы Н.Назарбаевқа, жерлесіміз Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевқа алғысын білдірді. Ал «Самғау фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Советхан Мықтыбеков өз кезегінде өздеріне қолдау білдірген аудан басшылығына рахметін айтып, мектеп директоры Алтын Абдуалиеваға мектеп кілтін тапсырды.
Марат ҚҰЛИБАЕВ, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді