«Азия газ құбырының» командалық оқу-жаттығуы

«Азия газ құбырының» командалық оқу-жаттығуы
ашық дереккөз
«Азия газ құбырының» командалық оқу-жаттығуы
«Қазақстан-Қытай» газ дәлізінің В ниткасында, яғни, 594-ші шақырымында төтенше жағдайлардың алдын алу мен тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтау мақсатында командалық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Негізінен «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 393-ші және 867-ші шақырым аралығы Т.Рысқұлов ауданы аумағынан өтеді. Сондықтан, оқу-жаттығу Құлан ауылы маңында ұйымдастырылып отыр.  Елді мекеннен 10 шақырымдай тысқары елсіз жерде ұйымдастырылған шараға серіктестіктің 20-ға жуық арнайы техникасы мен 50 қызметкері жұмылдырылды. Командалық оқу-жаттығу жиынына жұмылдырылған арнайы техника соңғы үлгіде жасалып-жабдықталған. Қызметкерлердің де өртті сөндірудегі қимылы шапшаң. «Азия газ құбыры» ЖШС-ның техникалық директоры Талғат Маисутов оқу-жаттығу жиыны мамандарды ширатып қана қоймай, кәсіби дағдыларының арта түсуіне ықпал ету мақсатында ұйымдастырылғанын айтады. «Азия газ құбыры» ЖШС өткен жылы 30 миллиард, биыл 32 миллиард текше метр газ тасымалдапты. Келер жылға 35 миллиард текше метр газ тасымалдауды жоспарлап отыр.

Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол».

Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар