«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Мен шарға салған қара балта ем...»

«Мен шарға салған  қара балта ем...»
ашық дереккөз
«Мен шарға салған қара балта ем...»

Махамбет жырлары жеткіншектерді ел мен жерді сүюге, қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелейді

Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі республикалық «Махамбет оқулары» байқауының алтыншы өткізілімі биылғы жылдың 22-23 қыркүйегінде Атырау қаласында ұйымдастырылды. Оған ел өңірлерінен жетпіске жуық «сен тұр, мен атайын» үміткер қатысып, дауылпаз ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, жатқа айту, күйлерін орындау, жыр арнау бойынша сайысқа түскен еді. Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы білім басқармасымен бірлесе өткізген, міне, осынау аламан сында Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Мадияр Ахай «Ел құтқарар ер едім..» бөлімі бойынша бірінші орын жеңімпазы деп танылды. 

Ол Т. Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылының тумасы екен. Жоғарыда аталған мектеп-интернатта 8-сыныптан бастап оқиды. Бір ғажабы, талапты өрен 278 өлеңді (оның ішінде Махамбет жырларын түгел) жатқа айта біледі. «Басты мақсатым аталмыш байқауда облыс абыройын асқақтату болды. Жалпы, Махамбет жырларында жалындаған от, терең мағына, жан толқытар қуатты сезім бар. Байқау алдында ұлы бабаның кіндік қаны тамған туған жеріндегі мұражайына, есімі берілген ауданға, «Қараой» даласындағы бейіті басына, Сарайшық қаласына саяхаттап барғанымызда да рухы мені ұдайы желеп-жебеп жүргендей сезілді. Жалын жүректі, өр тұлғалы шайыр «Біздің анау Нарында бір төбелер бар еді, айналасы ат шаптырса жеткісіз», – деп жырлаған өлкеге аяқ басудың әсері де ерекше екен. Соның бәрі бойыма қуат болып құйылды. Сонымен, сыналар сәт те келді. Ең бастысы, сахнаға шыққанда өзімді еркін ұстадым. Сәті түсіп, байқауда жолым болды. Қуанышымда шек жоқ», – дейді Мадияр әсерімен бөлісіп.

Баймаханбет АХМЕТ,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар