Мұғалім – мектептің жүрегі десек, сол атаққа лайықты болу – әрбір ұстаздың арманы. Бүгінгі жаһандану дәуірінде мұғалімге жүктелер міндет тіпті орасан. Әлемдік білім стандартына жету үшін әр ұстаз ізденуге тиісті.
Жақында Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияда ауылдағы жас мамандардың ауылдық жерлерде тұрақтануына ықпал ету, ауыл жастарына қолдау көрсету, олардың беделін, мерейін өсіру, кәсіби шығармашылық деңгейлерін жетілдіру мақсатында аудандық «Ауылдың ең үздік жас мұғалімі» атты кәсіптік байқау өткізілді. Байқауға Қаратау қаласынан және ауылдық елді мекендерден 14 үміткер қатысып, «Таныстыру сайысы», «Өнерлінің өрісі кең», «Білікті маман – ел тірегі» және «Мамандығым – мақтанышым» кәсіби сайыс кезеңдері бойынша бақ сынады. Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Қаратау қаласындағы А.Пушкин атындағы лицей-мектебінің мұғалімі А.Байтемір 1-орынды, 2-орынды А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның мұғалімі Т.Қанатбек иеленді, 3-орын Ойық ауылдық округі, Сейілбек ауылы Ш.Смаханұлы атындағы негізгі мектептің мұғалімі Е.Төкебаевқа берілді. Сонымен қатар 4 мұғалім түрлі аталымдар бойынша марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқаудан үздік шыққан ұстаз ендігі жерде облыстық сайысқа қатысатын болады.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Төмен ұпай алған үміткер жеңімпаз болды. Неге?
- 5 шілде, 2025
Жамбылдық оқушылар ақылды үй жобасын әзірледі
- 3 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді