- Advertisement -

«Қызыл қағаз», гол, жеңіс!

83

- Advertisement -

«Тараз» футбол клубы Қарағандының «Шахтерінен» басым түсті

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 27-туры аясында орталық стадионда жергілікті «Тараз» футбол клубы Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші алтылықта ілініп-салынып жүрген кеншілер алаң иелеріне қарсы еш қарсылық көрсете алмады.
Төреші ысқырығы естіле салысымен қарсылас команданың қақпасына лап қойған «Тараз» ойыншылары жылдам гол соғып, есептегі басымдықты қолға алды. Матчтың 12-минутында ойын ережесін бұзған «Шахтер» футболшысы Пламен Димов алаңнан қуылды. Он бір метрлік айып добын орындауға беттеген Изу Азука өз мүмкіндігін мүлт жібермей, таразы басын «Таразға» аударды. Мұнан соң «Шахтер» футболшылары шабуылдан гөрі қорғанысқа ден қойды. Алғашқы кезеңде есеп өзгеріссіз қалғанымен, кездесудің екінші жартысында «Тараз» ойыншысы Александр Пищур мергендігімен көзге түсіп, «Тараздың» есептегі басымдығын нығырлай түсті. 79-минутта Пищур салған голдан соң «Тараз» кездесу соңына дейін сенімді ойнай біліп, маңызды үш ұпайды қоржынға салды. Осы турдан кейін «Тараз» 9-шы орынға тұрақтады. Көш басында алматылық «Қайрат» келеді.«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал, екінші орындағы «Астана» дәл осындай есеппен павлодарлық «Ертіске» есе жіберді. Көкшетауда «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңген Қостанайдың «Тобылы» екінші алтылықтың көшін бастап, жетінші орынға орнықты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support