- Advertisement -

Өзіме ұнаған өлеңді жаттап аламын

159

- Advertisement -

Ұмытпасам, 1996 жылы ғой деймін, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде талдықорғандық ұстаз әрі ақын Исламғали Үркімбайұлының «Жаратқанмен тілдесу», «Өмір…» атты екі өлеңі жарияланғаны бар. Олардың «Мойындайтын бәрін де кезі келеді, бар күнәсін адамдар сезіп өледі. Қанағатты тәубеден кейін жаратқан, тәубе қылсаң қанағат өзі келеді», сондай-ақ, «Болар-болмас нәрсеге алданамыз, ақтан қашып, қараға арбаламыз. Емдеймін деп жүргенде ескілерін, көбейеді жаңадан жан жарамыз» деп келетін шумақтары бірден иіріп әкетті. Өлеңдердің ұнағаны сонша, көлемді бола тұрса да, жаттап алып, ылғи айтып жүретін болдым. Бұл дүниелер жарияланған басылым қолымда жоқ, бірақ сол күйі жадыма тоқылып қалыпты.
Өлең-жырдың жандүниеңді қозғайтын ерекше қасиеті бар ғой. Содан да жасымнан поэзияға құмар болып өстім. Кейін бұл әдетімді математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған жылдарымда да тастағаным жоқ. Поэзияға деген қызығушылығымның арқасында өзіме ұнаған туындыларды (мысалы, М. Мақатаевтың бірқатар өлеңдерін, жерлесіміз А. Бекбосынның рубайларын )қазір де жаттап алып, айтып жүремін.
Адам жүрегін тебірентер әсері бар, тәрбиелік мәнге де ие мұндай жырлар өзгелерге де ұнайды деген сенімдемін. Әсіресе, өсер ұрпағымыздың өздеріне өлеңді серік еткені жөн.

Баянкүл САНСЫЗБАЕВА,
ұстаз.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support