Күзгі ырғақтар
Алау бақта алаулап қызғанда үміт,
Қыраттарға сарыала із қалдырып,
Көшіп бара жатыр-ау жаз-жәрмеңке,
Қойыппыз-ау оны да күзге алдырып.
Керуен-керуен көшеді тырна-дәурен
Маң даланың кеудесін думан қылып.
Қанаттарын жел қағып, ызғар қарып,
Бір күн жетер түстіктен тұз-дәм жазып.
Мейлі, жүрек жылуын кетсін сарқып,
Қызғанбадық, оны да, қызғанбадық.
Көшпенді жұрт секілді көшті құстар,
Қала бердік күз-уайым біз малданып.
Алапат бір әуеннен қыр жаңғырып,
Жырға алдырып өнбойын, сырға алдырып,
Көшті құстар, көшті жаз, көшті әсемдік,
Қыз-дүниенің кеудесін буған қылық
Ақтарылып кетті де, көше берді
Сардаланың кең төсін думан қылып! Амангүл БӘКЕНҚЫЗЫ, Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




