"Тойота" компаниясы инвесторларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2014
- 292
«Toyota Tsusho Corporation» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Такуя Игихаши азиялық инвесторларды Қазақстан экономикасына қаражат салуға шақырды.
"Біз үшін Қазақстанда жұмыс істеуге тамаша жағдайлар жасалған. Қазақстан Еуразияның кіндігінде орналасқан. Оның жан-жағында даму әлеуеті жоғары көптеген мемлекеттер бар. Сондықтан біз Қазақстанға инвестиция құятын болсақ, тұрақты дамуға үлкен мүмкіндіктер бар", - деді Такуя Игихаши.
Сондай-ақ, ол Тойота компаниясы Қазақстанмен жаңа технологияларымен бөлісуге дайын екенін атап өтті. Тойота Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Компания көлік сатуға қаражат құйған болатын. Қазіргі уақытта компания ауыл шаруашылығы саласына, темір жол логистикасына инвестиция салуды жоспарлауда.
"Тойота" компаниясы қазақстандық әріптестерімен бірге толық циклды көлік құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Мұның алдында тойота көліктері бөлшек-бөлшегімен Жапониядан импортталып, Қазақстанда жиналған.
"Өз кезегінде біздің әріптестер, соның ішінде "Сарыарқа Автопром" осы елде көлікті жинаудың толық циклды үдерісін енгізуді ойластырып жатыр. Біз Қазақстанда дәнекерлеу, бояу, жабынды төсеу және басқа да жұмыстарды атқара аламыз. Яғни көптеген процестер осында жасалады", - деп атап өтті Такуя Игихаши.
Тойота өкілдігі басшысының сөзіне қарағанда, жоба қыруар инвестицияны және көптеген жұмыс күшін талап етеді.
Қазақстанның көлік өнеркәсібін дамытуда аталмыш өндірістің маңыздылығы жоғары. Елімізде көлік те, технология да, кәсіби инженерлер де жетерлік.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Өнеркәсіп өндірісі – 97,2 миллиард теңге
- 28 қараша, 2024
Кіріс көлемі кідіріссіз артып келеді
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді