«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тарих толғауы

Тарих толғауы
ашық дереккөз
Тарих толғауы

(Дастаннан үзінді)

Керей менен Жәнібек, Негізін салған хандықтың, Айтамыз асыл дәні деп, Одан кейін жалғасқан, Халық жайын қамдасқан, Көз жүгіртсек тарихқа... Бұрындық хан, Қасым хан, Түбі текті асыл хан. Хақназар мен Шығай хан. Есімхан мен Жәнібек, Сара жолдың сәні деп. Тәуке менен Абылай, Әбілхайыр хандарым, Қазағым деп толғанып, Аямаған жандарын. Өтті уақыт... ал, бүгін Елбасымыз солардың, Орындады арманын.

* * * 550 жыл бұрын Сұлтандарым, билерім, Басын қосып қазақтың, Жақсартыпты күйлерін, Қыз алысып, қыз беріп, Талай тапқан сүйгенін. Түңдіктері желпілдеп, Күмбірлеткен күйлерін. Кім айтады өшті деп, «Қозыбасы тауы көлбеңдер», «Хан тау», «Керей қыстағы», «Хан қорасы», «Хан тағы», Жанданып жастар енді ісі. Қайнап жатыр қазбалар, Хандығымның белгісі, Жазық дала керілген, Шудың бойын жайлаған. Табиғаты тамаша Жанарды жіпсіз байлаған. Ер азамат ел қорғап, Жүйріктерін сайлаған. Шөбі шүйгін өріске Төрт түлігін айдаған. Бұлақтары мөлдіреп, Жағалай құрақ жайлаған. Ұлт тағдыры әр жанда, Тұрған биік пайдадан.

* * * Бірде қазақ құлдырап, Болашағы бұлдырап, Ебін тауып, ептеді. Көрді зұлмат, қасірет, Көздің жасын төккені. Бурадайын бұрқанып, Амалсыздан шөккені. Қанға бөгіп бөктері, Қабырғасын сөккені. Содан бері арада Талай ғасыр өткені. Тәуелсіздік Тәңірден, Таңғажайып болғаны, Құдай анық қолдады... Көкте күліп күн тұрды, Жерде жайнап гүл тұрды. Ел бағына туылған, Нұрсұлтандай ұл тұрды. Көздің жасы тыйылып, Қазақ қайта құлпырды. Әруағыңнан айналдым, Ата-бабам – хандарым! Жәннатта болсын жандарың. Жалғыз тілек пендеңнен: Соғыссыз атсын таңдарым. Осы тойға жетті ел, Болмас енді арманым.

* * * Ал, халайық сілкініп, Күйкілікті басалық. Халық деген алып күш, Тойға үлес қосалық. Әулиеатада ашылған, Гүлдей болып жырым да. Адаспастан таныдым, Діннің таза сырын да. Қарахан мен Айшаға, Тәнті едім бұрын да. Батаcын берген Бауыржан, Қарап жатпас Тектұрмас. Елін сүйген азамат, Осы тойда шет тұрмас. Таразыма жарасар, Қалай айтсам мақтауды. Қарахан әулие басында, Елбасы хаты сақтаулы. Үш патшаның дұғасы, Шешкен екен көп дауды... Ал, Таразым тойыңа Дайын тұрсын шашуың. Болды анық дерегі, Сонау Қытай елінен, Керуен көшіп келеді. Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Артқа тастап асуын, Ұлы тойға қарашы, Тараз гүлмен өрілді. Сап түзеген теректей, Көшелері керілді. Менмұндалап алыстан, Зәулім үйлер көрінді. Қонақжайлық қанда бар, Ұсынатын төрімді. Қиындыққа қарамай, Кезің келді бақ сынар. Бүкіл қазақ бас қосып, Бой көрсетті жақсылар...

* * * Мен қазақтың ақыны, Салт-дәстүрін сатпайтын. Батырдаймын ер жүрек, Қас-дұшпаны батпайтын. Өту үшін сынақтан, Кезің келді жатпайтын. Жаның пида ел үшін, Ата-мекен жер үшін. Сен емес пе сақтайтын, Мен емес пе сақтайтын! Көкте самғап ұшып жүр, Көкті шарлап қыраным. Шырқалады жерімде, Қазақ елі ұраным. Тіл мен дінім қуатым, Қолымда тұр құраным. Құтты болсын тойларың! Осы менің жыр – әнім.

Эра Орманова ақын.

Тараз.

Ұқсас жаңалықтар