Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына және Қазақстан халқы тілдері күніне орай Астана қаласы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Тарих пен тіл тамырлас» атты республикалық жабық жыр мүшәйрасын өткізген еді. Еліміздің барлық аймағынан 50-ге жуық үміткер қатысқан мүшәйраның екінші кезеңіне 10 ақын ғана өтті. Бұл жыр бәйгесіне 14-29 жас аралығындағы жас ақындар қатысты. Алмас Темірбай, Жанат Әскербекқызы, Дәулеткерей Кәпұлы секілді әдебиеттің белгілі өкілдері бағалаған мүшәйрадан жүлде алу кім-кімге де оңай соққан жоқ. Осы жыр бәйгесіне әріптесіміз, газетіміздің «Саясат» бөлімінің тілшісі Наурызбек Сарша «Қарт даламен тілдесу» толғау-дастанымен («Наркескен» деген жасырын атпен) қатысқан болатын. Жақында осы жабық мүшәйраның қорытындысы шықты. Мүшәйра жеңімпазы – астаналық жас ақын Әлімжан Әлішер. Әріптесіміз Наурызбек Сарша 50 үміткердің ішінен үздік шығып, жүлделі екінші орынды иеленіп, Астана қаласы әкімінің арнайы дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Біз ақын әріптесімізді тарихи той қарсаңындағы жүлдесімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
«Ақжолдықтар».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




