Армысың, кәрі құрлық!

Армысың, кәрі құрлық!
ашық дереккөз
Армысың, кәрі құрлық!

Шағын футболдан Қазақстан құрама командасы Еуропа біріншілігіне жолдама алды

Шағын футболдан ұлттық құрама алдыға қойған мақсатын орындады. Кәрі құрлықтың басты бәсекесінің негізгі кезеңіне жолдаманы жеңіп алды. Алғашқы кездесуде сырт алаңда Босния және Герцеговина құрамасын 5:0 есебімен ойсырата ұтқан қазақ футболшылары қарымта кездесуде де қарсыластарының тас-талқанын шығарып, Белградта өтетін құрлық біріншілігінің жолдамасын қалтаға салды. Иә, еліміздің шағын футбол тарихында болмаған жетістікке қол жеткіздік. Енді Какау баптайтын құрама Белградта жасындай жарқырауды көздейді. Айтпақшы, екінші кездесуде Лео, Дуглас, Таку және Шыңғыс Есенаманов секілді саңлақтар мергендігімен танылып, жанкүйерлерді үлкен қуанышқа кенелткенін айта кету керек. Кіл мықты ойыншылар топтасқан Қазақстан құрама командасы бұған дейін де бірқатар белді ұжымдарды жеңген болатын. Ұлттық құраманың алдыға қойған мақсаты айқын. «Кәрі құрлық біріншілігінде де жақсы өнер көрсетіп, жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлауға тырысамыз. Елімізде шағын футболдың дамығанының бір көрінісі – командамыздың Еуропа чемпионатына жолдама алғаны. Ендеше бізге шегінерге жол жоқ» дейді қазақ футболшылары. Іске сәт дейміз біз де!

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар