- Advertisement -

Құйрық-жалы таралған Сәйгүліктер

324

- Advertisement -

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы
аясында Таразда «Ұлы дала» ойындары өтеді

Еліміздің елдігін танытатын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында Тараз төрінде «Ұлы дала ойындары» өткізіледі деп күтілуде. Қазақ халқының төл мәдениеті мен ұлттық спорт түрлерін ұлықтайтын шара «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылады.
«Ұлы дала ойындары» аясында 31 шақырымдық аламан бәйге, тоқ бәйге және ұшқыр бәйгеге басымдық берілмек. Құйрық-жалы таралған, нағыз пырақтар додасын кәсіби біліктілігі жоғары, өз ісін мығым білетін төрешілер жүргізетіні нақтыланды. Қатарынан оза шауып, бәйге алған тұлпарларға қомақты сыйақы үлестірілетін додаға жүз елуден астам арғымақ қатысатын болды. Бұдан бөлек атшабарға жиналған жұртшылықтың назарына «Ұлы дала ойындары» атты қойылым ұсынылады.
Аударыспақ пен көкпардан, теңге ілуден сары құрлық додасында қарсыластарынан қара үзген кіл мықтылар осы күні өз өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, елімізде енді ғана қарқынды түрде дами бастаған жамбы ату спортының шеберлері де шеберліктерін ұлттық спорт жанашырлары мен жалпы көрермен алдында көрсетуге бел буып отыр. Бір сөзбен түйіп айтқанда Қазақ хандығының мерейтойында тұлпарлар тұяғының дүбірі жаңғырып, ат спортына аңсары ауғандар нағыз бәсекені тамашалап, тақымдарын қысатын болады.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support