- Advertisement -

Тарихты «тірілткен» таланттар

108

- Advertisement -

Облыстық байқауда жеңімпаз атанған қылқалам иелері, қолөнер шеберлері және фотосуретшілер марапатталды

Облыстық көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына және Конституцияның 20 жылдығына орай бейнелеу өнерінің түрлерінен суретшілердің, қолөнер шеберлерінің және «Мәңгілік ел – мұратым» тақырыбында фотосуретшілердің облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов қатысып, байқау жеңімпаздарын құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

Халық арасында фото, қылқалам және қолөнер шеберлерінің шығармашылығын дамыту және оларды қолдау, өнер иелерінің арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты нығайту мақсатына негізделген байқауға барлығы 67 үміткер қатысып, бақтарын сынаған. Оның ішінде бейнелеу өнері (живопись) аталымы бойынша – 31, қолөнер түрлері бойынша – 30 үміткер, фотосурет номинациясы бойынша 6 үміткер өз туындыларын ұсынған. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, өнертанушы Мария Жұмағұлова бастаған қолөнер шебері Серік Сәдуақасов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Айдархан Сихаев, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Жанат Тұрлығұлова, облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Эльма Ділдәбаева сынды мамандардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың өнерін саралай келе, жеңімпаздарды арнайы аталымдар бойынша марапаттады. Айталық, бейнелеу өнері бойынша Болат Хусайынов, Муратжон Рахимжанов, Рахат Cапаралиева, Геннадий Тян, Баймахан Шеримов, Николай Денисов, Галина Шумилина, Мақсат Қаңтарбаев, Вегали Тукенов, Мақсат Бексұлтанов марапатталса, қолөнер шығармашылығы бойынша Асан Бисенов, Ерлан Сметов, Жанар Керимбеков, Күлиза Төлегенова, Есен Есетов, Ақерке Қосатбекова, Жанерке Базарбекова, Қазым Аманқосов жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал фотосурет жанры бойынша Ақәділ Рысмахан, Алтынбек Қартабаев, Табынбай Абильдаев, Диана Шайхеслямова жүлделерді өзара бөлісті. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support