Қазақстанда айыппұл төлеуде жүргізушілерге жеңілдіктер енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 1 мамыр, 2014
- 347
Елімізде жүгенсіз жүргізушілерге тосқауыл болатын Жол ережесі туралы жаңа заң күшіне енді. Ереже бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі 2, тіпті кейбір бап бойынша 3 есеге өскен.
Үлкен дау тудырған жаңа заңның өз күшіне енгені сол екен, Астана көшелерінде полиция қаптап кетті. Енді абайлап жүрмесе, жүргізушілер кішігірім тәртіп бұзғаны үшін де қалтасынан қағылады.
Мәселен, жылдамдықты асырғаны үшін 55.560 теңге! Жүргіншілер жолағы, жол жиегі, тротуармен жүргені үшін 27.780! Қарсы бағытқа шыққаны үшін 1 жылға куәлігінен айырылады. Жолда тоқтатқан полицияның бұйрығына бағынбағаны үшін де осындай жаза. Ал, рөлге арақ ішіп отырып жол апатын жасағандар бірден 5 жылға куәлігінен айырылады. Бұдан-былай тәртіп бұзған жүргізуші инспектордың қызметтік көлігіне отырмауға құқы бар. Сондай-ақ, бұған дейін жүргізуші айыппұлын 7 тәуліктің ішінде өтесе, оның жартысы кешіріледі делінген болатын. Алайда бұл талап тек 2015 жылдан бастап жүзеге асырылмақ.
Ішкі Істер министрлігі мұндай қатаң ереже жолдағы тәртіпті күшейтеді әрі жемқорлыққа тосқауыл болатынына сендіріп отыр."Жемқорлық болмайды деп ойлаймыз. Себебі патрульдік полиция видео жетонмен, видео регистраторлармен қамтамасыз етіледі. Олардың әр қимылын онлайн режимде қырағы бақылап отырамыз. Кешкілік бөлім командирлері сол бойынша есеп беріп отырады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Қанат Сәдуақасов.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді