(Қазақ хандығына 550 жыл)
Талай-талай тәуекелге барып біз, Отан үшін отқа түсіп, жаныппыз. Сақ пен ғұннан мирас болған даланы, Қорғап қалған, рухы бекем халықпыз.
Қағандардың дәуіріне дөп келдік, Түрлі-түрлі кезеңдерді өткердік. Дешті қыпшақ даласында қан төгіп, «Тәуелсіздік – ұлы арман» деп келдік.
Өткен күнге қуанышың, налаң көп, Кетті көздер жүретұғын алаң боп. Керей менен Жәнібектің дәуірін, Атайықшы алтын дәуір, заман деп.
Есте бәрі қилы шақтар кешегі, «Тарих әркез мұңды болад» деседі. Тәуелсіз ел самалының лебіндей, Есім ханның ескі жолы еседі. Таудай бүгін Ұлы елдің талабы, Ғалам бізге тамсанып мың қарады. Жаңа заман тарихында таңба боп, Қасым ханның «қасқа жолы» қалады.
Жалғанғанда тәтті тілек тілекке, Бізден ғайып болар қайғы, түнекте. Дала заңы аталған әз Тәукенің, «Жеті жарғы» заңы әркез жүректе.
Құтылғанбыз, мұңнан, шерден, күйіктен, Тәуелсіз ел, Отанымыз сүйікті ең. Тәуелсіздік туын қолда ұстаған, Көрінісін тек Елбасымыз биіктен!
Дүйсебай Жұмабаев,
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




