Жаңалықтар
Құрбан айтта иесінен қашқан қой ғаламторда жұлдызға айналды
- author «Ақ жол»
- 25 қыркүйек, 2015
- 826
Құрбан айтта иесінен қашқан қой ғаламторда жұлдызға айналды
Татарстандағы Құрбан айт мерекесі ерекше оқиғамен есте қалары анық.
Құрбандықтан қашқан қой Қазан қаласының қақ орталығында жұртты біраз әбігерге салды, деп жазады Лента.ру «Сибкрай.ру» сайтына сілтеме жасап. Оқиға куәгері түсіріп алған видеодан байқағанымыздай, қойдан айырылып қалған төрт түліктің қожайыны оның соңынан қуып жете алмай, біраз тер төгуге тура келді. Жүйрік қойды ұстау үшін бірнеше автожүргізуші атсалысқан. Жарты қаланы жүгіріп өткен қой ақыры қолға түсті. Бір қызығы, Новосібір қаласының орталығында да жергілікті жұрт иесінен қашқан тағы бір қойды көріпті. Қой қаланың мэриясы жанынан мұражай арқылы автовокзал жаққа қарай бет алған. Тағы бір қой осы қаланың Каменская көшесінде итпен бірге көгалда жайылып жүріпті.ақпарат көзі nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




