Павлодар облысының Баянауыл ауданында биыл да жылдағыдай Қазақстан және тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері туристері ынтымақтастығының «Ертіс меридианы – 2015» атты кезекті ХХVII республикалық слеті өтті. Іс-шара аясында ұйымдастырылған туристік көпсайыс жарысына Қазақстан, Ресей және Қырғызстан республикаларының спортшыларынан құрылған 22 команда қатысып, күш сынасты. Олардың қатарында облыс атынан слетке қатысқан М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы да бар. Соңғы үш жылдың бедерінде дәстүрге айналған көпсайысқа «Сұңқар» спорт клубының оқытушысы Марат Жұманбеков және университеттің «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Азизжон Тұрсынбаев жетекшілік ететін ТарМУ командасы үздіксіз қатысып келеді. Университет спортшылары биыл да бәсекеге қатысқан жиырма екі команданың арасынан үздік шығып, 2013 және 2014 жылы қол жеткен биігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды. Бұдан бөлек, «Сұңқар» спорт клубының командасы «Көпті көрген турист» конкурсында бірінші орынды, «Туристік ән» қашықтығында жүлделі екінші орынды иемденді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




