- Advertisement -

БОКС: Қазақстан және Қырғызстан Динамо құрама командалары кездесуінде жерлестеріміз айқын басымдықпен жеңіске жетті

57

- Advertisement -

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда Республикалық Спорт колледжінде Қазақстан мен Қырғызстанның Динамо құрама командалары арасында кездесу болып өтті. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері қарсыластарын 5:1 есебімен тізе бүктірді.

«Бұл матчтық кездесу Қазақстанның «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдығына арналды. Шаршы алаңға біздің бірінші құрама емес, үшінші және төртінші құрамның боксшылары шығарылды. Мақсат — тәжірибе жинақтау. Олар Алматы қаласы мен Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан 19-24 жастағы боксшылар. Кездесу 52, 56, 60, 64, 75, 81 келі салмақ дәрежелері бойынша өтті. Жігіттеріміз аянып қалмады, шеберлік танытып кездесуді 5:1 есебімен жеңіспен аяқтады», — деді өз сөзінде бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Динамо спорт қоғамының аға бапкері Кәкімжан Садықов.

Айта кетелік, мұндай кездесу Қазақстанда дәстүрге айналғаны белгілі. 2010 жылы, «Динамо» қоғамының 85 жылдығына орай Мәскеуде Қазақстанның Динамо құрама командасы мен Ресейдің Динамо құрама командасы арасында кездесу өткен болатын. Онда Қазақстандықтар 5:3 есебімен жеңіске жетті. Сондай-ақ, осыдан бір ай бұрын Қаақстанның Динамо құрама командасы мен Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы құрама командалары арасында өткен кездесуде де отандастырамыз қарсыластарын 3:2 есебімен жеңген.

ақпарат көзі kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support