- Advertisement -

Бақұл бол, Будулай!

74

- Advertisement -

КСРО-ның халық әртісі көрер­мендердің ыстық ықыласына бөленген «Сыған» фильміндегі Будулай рөлінен кейін танымал болған Михай Волонтир Кишинев республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды.
Ол бірнеше жылдан бері қант сусамы­рының ауыр түріне шалдығып, соңғы үш жылда жағдайы аса ауырлаған еді.
Еске салсақ, Анатолий Калининнің бір атаулы романының желісімен режиссер Александр Бланк түсірген «Сыған», «Будулайдың қайта оралуы» фильмдеріндегі Будулай рөлі Волонтирді халықтың махаббатына бөледі. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атағын алды.
Сондай-ақ, ол молдава киносындағы XX ғасырдың үздік актері атағын алған, «Елдің көрнекті тұлғасы» сыйлығының иегері.

«Ақ жол-Ақпарат».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support