КСРО-ның халық әртісі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Сыған» фильміндегі Будулай рөлінен кейін танымал болған Михай Волонтир Кишинев республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ол бірнеше жылдан бері қант сусамырының ауыр түріне шалдығып, соңғы үш жылда жағдайы аса ауырлаған еді. Еске салсақ, Анатолий Калининнің бір атаулы романының желісімен режиссер Александр Бланк түсірген «Сыған», «Будулайдың қайта оралуы» фильмдеріндегі Будулай рөлі Волонтирді халықтың махаббатына бөледі. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атағын алды. Сондай-ақ, ол молдава киносындағы XX ғасырдың үздік актері атағын алған, «Елдің көрнекті тұлғасы» сыйлығының иегері.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




