- Advertisement -

Ел кубогында екінші

58

- Advertisement -

Қазақ күресінен ересектер арасында өткен кубоктық бәсекеде
жамбылдық балуандар екінші орынға ие болды

Қазақ күресінен Атырау қаласында Қазақстан республикасы кубогы үшін командалық жарыс өтті. Ұлттық спорттың мерейін асыратын додаға үлкен дайындықпен барған облыс құрамасы ақтық сынға алқынбай шыққанымен, финалда қызылордалықтарға жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бейбіт Ыстыбаев секілді нағыз мықтыларын топқа қоспаған өңір командасы үшін мұның өзі айтулы табыс екені сөзсіз. 239 спортшы шын мықтыны анықтаған кубоктық сында күміс жүлдеге қол жеткізудің өзі ауыз толтырып айтарлықтай жетістік.
Бұдан бөлек Атырау төрінде төселген бозкілемде жасындай жарқыраған саңлақтарымыз жекелей сында да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Айталық, 55 келідегі үмітіміз Думан Әбдімомынов қарсылас шыдатпай топ жарса (бапкері М. Әшімов), 74 келідегі Ринат Махмұтов екінші орынды (бапкері Ғ. Мұхамедғалиев), Нұрдәулет Ораз үшінші орынды (бапкері П.Қылышбаев) иеленді.

 Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support