- Advertisement -

«Агробизнестің» берері көп

80

- Advertisement -

Аграрлық сектордың дамуы экономикалық-әлеуметтік және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы саласының бағдарламалары бойынша өнімді жұмыс атқару – бүгінгі күннің басты талабы. Облыс әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиевтің Шу ауданындағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы мен ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың барысын бағамдаған жұмыс сапарының мақсаты да осы. 

Абдалы Тоқбергенұлы алдымен Ескі Шу ауылдық округіне атбасын бұрды. Шу ауданында 2015-2019 жылдары көкөніс кластерін құру жобасы жоспарланғаны белгілі. Бұл жұмыстарға осы ауылдық округтегі, «Тасөткел» магистралды каналының оң жағалауындағы тәлімді егістіктің 3 шақырымға дейінгі аумағы қамтылған. Жалпы көлемі 9381,55 гектар тәлімді егістік жерлер 5 ауылдық округке қарасты 170 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілген. Аудандағы жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары «Қосқұдық» ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің өрт қауіпсіздігіне дайындық жұмыстары мен техникалық жабдықталуын, сондай-ақ, Мойынқұм ауылындағы ветеринарлық пункттің жұмысымен танысты.
Соңында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауданның ауыл әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, шаруа қожалық иелерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов, облыс әкімдігінің агроөнеркәсіп кешені мониторингін дамыту жөніндегі бөлім басшысы Дулат Оспанов, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов, «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы филиалы директорының орынбасары Берік Нұралиев саладағы жаңалықтармен бөлісіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндірді.
«Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап жаңа бағытта шаруашылықтар құрылып, жеке және фермерлік шаруа қожалықтар пайда болды. Саланы дамыту мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Соның бірі – «Агробизнес-2020» бағдарламасы. Бүгінде бағдарлама аясында шаруаларға төмен пайызбен несие берілуде. 2015 жылы облысымыздың агроөнеркәсіп кешенінің дамуына 7миллиард 900 миллион теңгеден астам қаржы тартылып, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген субсидиялар мен трансферттер 7 миллиард 200 миллион теңгені құрады», – деді А.Нұралиев. Шу ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков егістік жерді пайдалану, егін орағы, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, күзгі егіс-дала жұмыстарына дайындық, сүдігер көтеру жоспары, техниканың күзгі егіс-дала жұмыстарына дайындығы, себілетін қант қызылшасының жоспары, ауданда көкөніс кластерін құру, мал шаруашылығы бағытындағы бағдарламалардың орындалу барысын баяндап, инвестициялар тарту және субсидиялардың игерілуі туралы мәлімдеді. Жиын барысында жеке шаруа қожалық иелері мен ауыл әкімдері «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламалары және басқа да мәселелер жайлы сауалдар қойып, мамандардан кеңес алды.

Қарлығаш Есбергенова,
«Ақ жол».

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support