Әріптеске шығармашылық табыс тіледі

Әріптеске шығармашылық табыс тіледі
ашық дереккөз
Әріптеске шығармашылық табыс тіледі

Облыстық «Знамя труда» газеті ақпарат бөлімінің шолушысы Михаил Те республикалық «Казахстанская правда» газетінің облысымыз бойынша меншікті тілшісі болып қызметке кірісті. Осыған байланысты «Қазақстан Журналистер Одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол» газетінің директор-бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы редакция ұжымы басқосуында М. Тені республикалық деңгейдегі жаңа қызметімен құттықтады. – ҚЖО облыстық филиалы өңір журналистеріне қатысты қандай да бір оқиғаны болсын елеусіз қалдырмауға тиіс. Әріптесіміз Михаилдің жетістігі – біздің де жетістігіміз, – дей келе алдағы уақытта оның облысымыздың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін орыс тілді беделді басылымға кең ауқымда жазып көрсетіп, өзіне жүктеліп отырған осынау үлкен сенім үдесінен шығатынына сенім білдірді. «Ақжолдықтар» М. Тенің қаламгерлік және адамгершілік қыры жөнінде жылы пікірлерін жеткізіп, жаңа қызметінде табыстар тіледі.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар