- Advertisement -

Керуен Жетісуға жетті

73

- Advertisement -

Өткеннің өнегесі мен шежіресіне ден қойып, ақ самайлы ғасырлар парағын парақтасақ, бастауын ықылым дәуірдегі мыңжылдықтардан алатын Тараз шаһарының тарихы тым тереңде жатыр. Содан болар, он бесінші ғасырдың екінші жартысында Жәнібек пен Керей бастаған көш Жамбыл жеріне тоқтап, Қазақ хандығының керегесі керіліп, туы тігілді. 

Ағымдағы жылы торқалы тойы тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өңірімізде сән-салтанатпен қарсы алу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Елдің елдігін, ердің ерлігін танытатын, мемлекеттігіміздің мерейін арттыратын айтулы датаға орай көршілес Қытай елінен 55 түйе, 20 шақты ат, 5 ат арба, 15 жүк көлігінен тұратын керуен шыққанын, қос ел арасындағы достық пен татулықты нығайтуға бағытталған керуеннің шекараға келіп жеткенін газетіміздің өткен санында жазған едік.
Сол керуен қазіргі сәтте Алматы облысының аймағын кесіп өтіп, Алматы қаласына таяп қалды. Еңку-еңку жер шалып келе жатқан керуен мүшелері ағымдағы айдың 26 қыркүйегінде облыс шекарасына аялдап, қазан айында Тараз шаһарында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысатын болады. Аспанасты елінің Сиянь қаласынан жолға шыққан керуен мүше­лерімен әр-әр жердегі азамат­тар қызығу­шылық танытып, естелік суреттерге түсуде.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ, 
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support