- Advertisement -

ТҮРКИЯ МАМАНДАРЫ САРЫСУ ЖЕРІН ТҮЛЕТЕМІЗ ДЕЙДІ

70

- Advertisement -

Сарысу ауданына Түркия елінің «Сынырлы Сорумлу Бадемли Фиданджилык Тарымсал Калкынма кооператифи» деп аталатын корпорация өкілдері келіп кетті.
Қонақтарға аудан әкімінің орынбасары О.Көкей Байқадам ауылдық округінің аймағындағы «Ынталы» су қоймасын көрсетті. Ондағы мақсат — ауыл шаруашылығы саласында бақ өсірумен айналысып, көпжылдық көкөністің түрлерін көбейтіп, тауар өндірушілердің санын арттыру болып отыр.
Содан соң корпорация өкілдері аудан әкімі Б.Жайлыбаевпен кездесіп, алдағы атқарылар жұмыстардың барысымен таныстырды. Сонымен қатар, аталмыш көпжылдық көкөністердің тұқымын өздері әкеліп, оның өсіп-жетілуін арнайы мамандардың қадағалайтынын, оларды тек сумен және электр жүйелерімен қамтамасыз ету керектігін айтты. Бағбандар қауымдастығы өз тарапынан шаруаларға қолдау көрсетуге дайындықтарын және бұл бастаманың аудандағы ауыл шаруашылық саласына үлкен көмек болатынын жеткізді.
Аталмыш корпорация өкілі Седат Дерели мен аудан әкімі Бейбітбек Жайлыбаев меморандумға қол қойып, алдағы жұмысты бірлесе атқаруға ұйғарым жасады. Алдағы уақытта ауыл еңбеккерлері осы инвест жобаға кеңінен қатысып, бақша мен көкөніс өсіруді қолға алса, шаруа қоржыны молая түспек.

«ZhambylNews».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support