Өмірдің заңынан асқақпын
Өлеңнің заңына бағынып,
Өмірдің заңынан асқақпын.
Сара жол сүреңі – әр үміт,
Бетке алдым сүрлеусіз тастақты.
Өзгелер өгейдей тұнжырар,
Өзім ше?..
Мықты боп, мұңайман:
Болашақ – бұлыңғыр. Бұлдырар...
Бәрібір жүрегім, жыр-айнам.
Белгісіз бағытқа жол тарттым,
Іздесең, білінбес ізім бар:
Көшірме болуға шорқақпын,
Маңдайға тағдырмен сызылған...
(Даралық – тек жалғыз нұсқалық.
Бағы да басқаша, соры да.)
Тілек боп тербейді құштарлық
«Нұр жаусын гүл – сара жолыма».
«Өлеңнің заңы тек Өзіңе» –
Дейсің бе?
Дей бергін.
Қысылман.
...Өмірдің заңы тек көзімде,
Жүректен кептер ғып ұшырғам...
Ұқсас жаңалықтар
Қаламгердің шығармасы өз дауысымен жазылады
- 5 наурыз, 2026
Ақжал ақын Серік Томановтың туғанына – 70 жыл
- 4 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




