Әлібек Әмзеұлы, мәдениеттанушы.
Қазақ хандығының мерейтойы екі кезең бойынша біріншісі – Астанада, ал екіншісі Таразда өтеді деп белгіленген. Соған орай Астанада Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Ал түстен кейін Назарбаев Университетінде «Мәңгілік Ел» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Мен де осы тарихи жиынның куәгері атандым. Басқосуда тарих беттерінен тағылымды ойлар қаузалып, мазмұнды рухани дүниелер жан-жақты сараланды. Әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Бұл той бабалар рухына тағзым етіп, тағдырдың алуан қиындықтарынан өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізіліп отыр. Тәуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Ұрпағына ұлан-ғайыр даланы қалдырған батыр бабалардың тәуелсіздікпен бірге оралған биік рухы зор патриоттық өрлеу туғызды. Қазақ хандығы – сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, беріде Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ, Алтын Орданың заңды мұрагері. Тағдыр талайымен бөлініп кеткен, тілі, ділі, діні, тегі бір түрік халықтары ХХІ ғасырда ынтымақ жарастыруы қажет. Қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, әз Тәуке «Жеті жарғыны» енгізді. Бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылған ата тарихының әр парағы ерекше қымбат. Әр буын өкілі бабалар даңқына даңқ қосып, дүниежүзі алдында беделін биіктете білген елдің болашағы жарқын, мерейі үстем. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, ел абыройын биікке көтерді деп айта аламын. Біз – ұлы даланың ұрпағымыз. Осы даланы біздің ата-бабамыз сақтап, қан төгіп, тер төгіп ұстап қалған. Қазақстан мен Ұлы дала елі екеуі қатар жүрсе, дұрыс болады деп ойлаймын», – деген орамды ойы, көпшіліктің көңіл түкпірінен шыққан тебіреністері мерекелік жиынның барысын әсерлеп, өткеніміздің өнегесін айшықтай түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді