![ТОҒЫЗ ЖАСАР БАЛАНЫҢ КҮШІ ТАҢҒАЛДЫРДЫ](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2015/09/56.jpg)
ол жерге екі қолын тіреп тұрып кеудесін 550 рет көтерді
Тоғыз жастағы Әмір Махмет Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне Астана қаласында басталған іс-шаралардың бірінде жерге екі қолын тіреп тұрып кеудесін 550 рет көтерді. – Әмір Махмет Қазақстанның Рекордтар кітабына екі рет енген. «Бұл бала жастарға жақсы үлгі көрсетіп жатыр», – деді Әмірдің өнерін көруге келген белгілі зілтемірші Илья Ильин. Жас спортшының анасы Қаламқас Махметова ұлының спортпен айналысқанына бір-ақ жыл болғанын айтады. Баласының бабына әкесі Әнуар жауапты көрінеді. Әмірдің рекордына қолдау көрсету үшін қазақстандық белгілі спортшылар Илья Ильин, Серік Сәпиев, Қазақстан ММА Федерациясы президенті Анатолий Ким, каратэ және ММА бойынша әлем чемпионы, «Астана» ППСК бас менеджері Айдар Ахметов келді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Испандықтардың жұлдызы жанған күн
- 16 шілде, 2024
Өзі де, ұлдары да алтыннан алқа таққан
- 16 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді