- Advertisement -

Торрес пен Гризманн Қазақстанға келеді

80

- Advertisement -

«Астана» Еуропа чемпиондар лигасына дайын

Футболдан Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңіне қазақ клубтарының арасынан тұңғыш болып жолдама алған елордалық «Астана» футбол клубы кәрі құрлық клубтарының басты додасын 15 қыркүйек күні Португалияда «Бенфикаға» қарсы ойынмен бастайды. «С» тобының басты фавориті – испаниялық «Атлетико» командасы. Бір маусым бұрын Еуропа чемпиондар лигасының финалына шығып, Мадридтік дербиде «Реалға» жол берген «Атлетиконың» сапында Антуан Гризманн, Фернандо Торрес секілді футбол жұлдыздары ойнайды.
Сонымен, 15 қыркүйекте басталатын аламанға тас-түйін дайын елордалық клуб екінші кездесуін 30 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» футбол клубына қарсы өткізсе, үшінші тур аясында 21 қазанда Мадридке жол тартып, «Атлетико» командасымен жасыл алаңға шығады. Ал «Атлетикоға» қарсы қарымта кездесу 3 қараша күні Астана төрінде өтеді. Осы матчты көруге жанкүйерлердің аңсары ауып тұрғаны жасырын емес. Ел чемпиондары бесінші турда өз алаңында португалиялық даңқты командалардың бірі «Бенфиканы» қабылдаса (ойын 25 қарашаға жоспарланған), 8 желтоқсан күні өтетін соңғы турда сырт алаңда түркиялық «Галатасарайдың» қарымын байқап көреді.
Топтық кезең қорытындысы бойынша елордалық клуб сенсация жасап, алғашқы екі орынның бірін иеленсе, плей-офф кезеңіне шығады, ал үшінші орынға табан тіреп жатса, Еуропа лигасының плей-офф кезеңінің жолдамасын қалтаға салады. Ендеше, қазақстандық клубқа сәттілік тілейміз!

 

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support