- Advertisement -

Хуршедшох жартылай финалға шықты

69

- Advertisement -

Бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем
чемпионатында жамбылдық жампоз жасындай жарқырауда

Бокстан Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына бес бірдей қазақстандық боксшы жолдама алды. Құрама қатарында біздің облыстың түлегі, 80 келі салмақ дәрежесіндегі былғары қолғап шебері Хуршедшох Искандаров та бар. Жалпы, әлем біріншілігіне өңірімізден үш боксшы аттанған болса, олардың екеуі ширек финалдағы қарсыластарына жол берді. Дегенмен, 70 келіге дейінгі салмақтағы саңлағымыз Дәулет Заушев венгриялық қарсыласы Силард Ласлоға төрешілердің екіұшты шешімімен есе жібергенін айта кету керек. Дәулет қарсыласынан кем түспегенін 1:2 есебінің өзі байқатып тұрғандай.
Ал жартылай финалға дейін сүрінбей жеткен Хуршедшох ширек финалда финляндиялық былғары қолғап шебері Кренар Альюді 3:0 есебімен айқын жеңіп, кем дегенде қола жүлдені қоржынға салды. Хуршедшох мұнымен тоқтап қалмайды. Ақтық сынға жолдама алу үшін барын салары анық.

Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support