«ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-ның
бас директоры.
Ауыл шаруашылығына аса қажетті минералды тыңайтқыштар өндіретін «ЕуроХим-Тыңайтқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі химия өндірісін дамытуда Жамбыл өңірінде ғана емес, еліміздегі жетекші кәсіпорын саналады. Серіктестік екі жылдың ішінде Жаңатас қаласындағы Аралтөбеде өндіріс алаңын салып, іске қосты. Осы учаскеден 2013 жылы 5 мың, былтыр 175 мың, биыл алты айдың ішінде 30 мың тонна кен өндіріп, өңдеуге дайындады. Қазір жылына 1 миллион тонна минералды шикізат өңдейтін кешен салынуда. Әлемдік дағдарыстың өзі біздің өндірістік жоспарларымызды жүзеге асыруға кедергі келтірмейді. Таяу жылдарда Қаратау қаласындағы «Сары Тас» кәсіпорнының негізінде жылына 1 миллион тонна азоттық және күрделі минералдық тыңайтқыштарды дайындайтын зауыт салу жоспарлануда.
Үш кезеңге бөлінетін құрылыс-монтаж жұмыстары 2013-2018 жылдарға есептелген.
Биыл тау-кен кешенінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Кесіктөбе мен Гиммельфарб кен орындарын игеру үшін қолға алынған құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Біріктірілген өндіріс кешенінің құрылысы аяқталуға таяу. Өндіріс нысандарын сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, алаңаралық автомобиль жолдары мен ішкі темір жол стансаларын салу жұмыстары да белгіленген мерзімге сай жүруде. Сәтін салса қыркүйек айында шикізатты ұнтақтау фабрикасының қызметін өндірістік тексеруден өткізуді жоспарлап отырмыз.
«Еурохим» компаниясына қарасты үш серіктестікте («ЕуроХим-Тыңайтқыш», «ЕуроХим Қаратау», «Сары Тас ЕуроХим» ЖШС-да) 250 адам тұрақты жұмысқа тартылған. Одан бөлек құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысып жатқан серіктестіктерде 600-ге тарта адам еңбек етеді. Олардың 95 пайызы – жергілікті тұрғындар. Компаниямыз әлеуметтік әріптестік туралы екіжақты келісімге сәйкес, Сарысу және Талас аудандарының әл-ауқатын арттыруға 40 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек көрсетуі тиіс. Келісім бойынша бүгінге дейін екі ауданда спорттық-сауықтыру кешенін салып, екі мәдениет орталығын, бірнеше мектеп пен балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізуге демеуші болдық. Сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе отырып, мүмкіндігіне қарай «Жаңатас-Түркістан» бағыты бойынша темір жол және Жаңатас қаласына табиғи газ магистралін салу жоспарланған. Қазіргі кезде бұл мәселелерді жүзеге асырудың жолдары қарастырылуда.
Қазақстан экономикасы – әлемдік экономиканың бір бөлшегі. Шет мемлекеттермен алыс-берісі артып, тығыз қарым-қатынас орнатқан елге әлемді жайлаған экономикалық дағдарыстың салқыны әрине әсер етпей қоймайды. Бірақ, соған қарамастан, Ресей мен Қазақстан Еуроазиялық экономикалық одақ аясында бірлесе отырып, қиындықты шешудің жолдарын қарастыруда. Бір нәрсе айқын: дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал өндіріссіз өмір жоқ. Әсіресе, химия өндірісі ең қажетті сала болып саналады. Сондықтан, біздің компанияның дағдарыс деп алаңдауына негіз жоқ.
Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді