- Advertisement -

Тығырықтан шығудың төте жолы

101

- Advertisement -

 GE DIGITAL CAMERAСадық 

Тілеубердиев,

Ә.Сағынтаев атындағы 

«Талас» ЖШС-ның 

директоры.

 Әлемде қалыптасқан жағдайға қарай Қазақстанның жаңа экономикалық саясатқа көшуі дер кезінде қабылданған шара деп ойлаймын. Мұндай қысылтаяң шақта белсенді қимыл керек. Қазір арқаны кеңге салып отыратын уақыт емес. Экономикалық өсімнің тұрақтылығын сақтап қалу үшін жедел өндіріс орындарының еңбек өнімділігін арттыру жолдарын қарастыру, ұйымдастыру қажет болды. Теңгенің еркін айналымға жіберілуі осындай мәжбүрліктен туған. Тығырықтан шығудың төте жолы осы.

Мамандар экономика мен қоғам шұғыл түрде инновациялық даму жолына түсуі керек екенін айтуда. Сондай қадамның бірі – нарық заңдылығына қарай еңбекті үйлестіру. Яғни, шағын және орта бизнестің дамуына барынша жағдай жасау. Бұл біріншіден, ішкі нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұруға мүмкіндік берсе, екіншіден, жұмыссыздықтың алдын алуға септеседі.

Бұрынғыдай барды қанағат етіп, қарын тойғанға мәз болып, күн өткізудің заманы әлдеқашан өткен. Абыз Абай айтқандай, әркім өзіне, еңбегіне ғана сенетін заман. Әбдір Сағынтаев атындағы Талас жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігінде қазір 2500 қой, онға жуық техникасы бар. Алайда, барымыз осы деп алақан жайып қарап отырған жоқпыз. Өйткені,  ұжымдағы 25 отбасының күнкөрісі серіктестіктің еңбек өнімділігіне тәуелді. Біз соңғы жылдары Сарысу ауданындағы Түркістан ауылдық округіндегі егістік алқабына арпа, мақсары өсіруді қолға алдық. Биыл 150 тонна арпа орып алдық. Келер жылдың өнімі үшін 300 гектар алқапты игеріп, күздік бидай себуді жоспарлап отырмыз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 61-қадамында ет өндірісін жолға қоюда шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттаудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол үшін қажет болса стратегиялық инвесторларды тарту керектігін айтты.

Былтырдан бастап Үкімет малдың әр басына  1500 теңгеден субсидия төлеуде. Биыл бұл қаражат 2,5 миллион теңгені құрады. Ендігі мақсат – қой санын көбейтіп, кемі 10-15 мыңға жеткізу. Сөйтіп, ет экспортын арттыруға өз үлесімізді қоссақ дейміз. Баяғы елтірі өндірісін жолға қою да жоспарда бар. Бұған серіктестіктің  жер қоры да, әлеуеті де жетеді. Бастысы, ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылар еді.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support