М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік
университетінің
экономика және бизнес
факультетінің деканы,
экономика ғылымдарының
докторы.
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам баса отырып, халқы біртұтас, бірлігі мызғымас елге айналды. Халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшесі әрі қатысушысы ретінде іргелі бастамалар мен ұсыныстар көтеріп келеді. Заман алға жылжып, дамыған сайын қоғамдық қатынастар күрделене түсуде. Ықтимал экономикалық, қаржылық тұрлаусыздықтар көбеюде. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты қалыптасқан Қазақстанның ұзақ мерзімге арналған жаңа даму бағдарламасын ұсынғаны да сондықтан. Дегенмен, қазіргі әлемде қалыптасқан ахуалға байланысты жаңа бағдар қажет болды. Еліміздің жаңа экономикалық саясатқа жедел көшуі де осындай қадамдардан туған.
Әлемдік нарықтағы қаржылық жағдайдың нашарлауы экономикамызға теріс ықпал ету факторларын да жоққа шығармады. «Қазақстан-2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тарихи құжатындағы ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатерін еске алайықшы. Онда Елбасының: «Егер біз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз», деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде әлемдік экономикадағы дағдарыс қоғамның барлық саласын қамтуда. Оған негізінен мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы себеп болды. Мәселен, өткен жылдан бері әлемдік нарықта қара алтынның бағасы төмендеп кетті. Нақтырақ айтсақ, былтырдан бері мұнайдың бағасы 115 долларлық шекті мөлшерден 48,5 долларға дейін төмендеген. Сонымен қатар, металдардың құны да күн санап төмендеп жатыр. Әлемдік нарықта орын алып отырған бұл жағдай біздің еліміздің экономикасын да сырт айналып өткен жоқ. Экономист сарапшылардың пікірінше, дағдарыстың алдағы жылдарда да сақталуы ықтимал деген болжам бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің еркін айырбас бағамын енгізді. Бұл қажеттіліктен туындаған шешім. Біз теңгенің еркін айырбас бағамын енгізу арқылы валюта нарығының тұрақтауына жол ашамыз. Бұл дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы. Қазіргі уақытта еліміз тығырықтан шығудың жолын жан-жақты зерттеп жатыр. Қазақстан бұл дағдарысты да еңсереді. Ең бастысы еліміз тыныш. Біз бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді