- Advertisement -

Ел қорғаны болу – ер-азаматтың борышы

246

- Advertisement -

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Конституция – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жетілдірудің маңызы» атты конференция өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған шараның мақсаты – мемлекеттің одан әрі дамуы жолында жетекші рөл атқаратын Конституцияның маңыздылығын көпшілікке жете түсіндіру.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев ашып жүргізген жиында «Жастар зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, философия ғылымдарының кандидаты П.Мамедова, «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Ермеков, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ардагері, полковник М.Байжанов, облыстық қорғаныс істері департаменті әскерилер қызметі бөлімінің басшысы, капитан Е.Ембергенов Ата Заңымыздың мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын ұсынғанын, бүгінде қалыптасқан демократиялық жүйе нәтижесінде қазақ елінің халықаралық аренада беделі артқанын әңгімеледі. Сондай-ақ, мемлекеттің тәуелсіздігі қуатты әскерімен баянды екені, Конституция бүкіл халықтың ортақ келісім құжаты екені, әрбір әскери қызметшінің Отанды қорғаудағы жанқиярлық еңбегі, Ата Заңымыздағы барлық қамтылған құндылықтар халық бостандығының, ел егемендігінің, тұрақтылығының сенімді кепілі екені сөз болды.

Жастардың бойындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен бірлікті сақтаушы темірқазық саналатын Конституцияның өткені мен бүгінгі тарихы баян етілген басқосуда әскери қызметте абыройлы жұмыс атқарып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Ел қорғаны болу – елжандылықтың белгісі.

Нұрым Сырғабаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support