- Advertisement -

Қазақ елі – татулықтың мекені

273

- Advertisement -

«Әулиеата» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Татулықтың мекені – Тәуелсіз Қазақстан!» атты жастар акциясы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында өтті. Жастар акциясы Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің келісімшартпен іс құжаттарын жүргізушісі Сәуле Айтеновамен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шара барысында ауданның белсенді жастарымен кездесу өткізіліп, акцияның мақсаты мен міндеті түсіндірілді. Ассамблеяның құрылу тарихы, мақсаты, міндеті туралы айтылды. «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы жастар қанатының жетекшісі Е.Алкеев «Отанымызды өркендету, тәуелсіздігімізді нығайту – біздің парызымыз» екенін еске сала отырып, бірлесе жұмыс жасап, ауданның жастар орталығынан жастар қанатының филиалын ашу туралы ұсыныс білдірді. Аудан жастары ұсынысты бірауыздан қолдап, бірлесіп жұмыс жасауға келісімін берді.

Аудандық «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» және «Шаңырақ» театрының көркемдік жетекшісі Маратбек Жолдасбаев «Біз ұлтымыз, тіліміз, түріміз өзгеше болғанымен, Отан алдында теңбіз. Мақсатымыз  – бір. Бірлігіміз жарасып, ынтымақпен тірлігіміз оңалып, тәуелсіздігімізді тұрақтандыруға өзіндік үлесімізді қосып, жарқын болашаққа Елбасымыз бастаған көшпен бірге барайық» деген ойын айтты. Келесі кезекте «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісі Шыңғыс Темірбекұлы сөз алып өз ұсынысын қосты. Түйіндеп айтқанда, ауданның белсенді жастары «Татулықтың мекені – Тәуелсіз Қазақстан!» атты жастар акциясын жыл сайын дәстүрлі түрде өтуін қолдайтындарын жеткізді.

Сондай-ақ, «Татулықтың мекені – Тәуелсіз Қазақстан!» атты жастар акциясы Жуалы, Жамбыл аудандары мен Тараз қаласында ұйымдастырылып өткізілді. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту, әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, тілін, ділін насихаттау, татулық, достық, бірлік ұғымдарын тереңнен жеткізу.

Айгүл Қабиева,

«Әулиеата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support