- Advertisement -

Жамбылдық «жас жұбайлар шеруі»

111

- Advertisement -

Ата Заңымыздың мерейтойына арналды

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен Ата Заңымыздың айбынды мерейтойына орай «Үлкен ел – үлкен отбасы» атты жас жұбайлар шеруі болып өтті. «Беркут де Люкс» мейрамханасында өткізілген шарада 11 отбасына неке куәліктері табыс етілді. Жас жұбайларға облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрағасы Ерқанат Манжуов ізгі тілегін жеткізді.
– Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін жауапты шешім қабылдап отырсыздар. Осы қадамдарыңыз арқылы еліміздің ішкі беріктігін нығайтуға, демографиямызға үлес қосасыздар. Сіздердің шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін, – деді ол өз сөзінде. Жас отбасыларына неке туралы куәлікті облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Халил Бейсеев, облыстық «Ел – Ана» кеңесінің мүшесі Күлжамила Жолдасова, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар» кеңесінің төрайымы Мухаббат Мейражапова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Айман Кәрімова тапсырды. Жас жұбайлар  вальс ырғағында тербеліп, би биледі.
«Біз айтулы күні, яғни Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойында зиялы азаматтардың қолынан неке куәлігін алғанымызға қуаныштымыз. Осындай үлкен мерейтой күні құрған шаңырағымыз биіктей береді деген сенімдеміз. Қазақтың әрбір отбасында  думанды сәттер көп бола берсін дейміз», дейді Жаманкеевтер отбасы. Жас жұбайлар шеруі Махаббат аллеясындағы шарамен жалғасты. Онда жас жұбайлар «Мендельсон» маршымен аллеяға төселген қызыл кілем үстімен жүріп өтіп, Болат пен Айнұрдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойысты. Одан соң аспанға ақ тілектер жазылған шарлар ұшырылып, жас жұбайлардың құрметіне арналған әсем әндер шырқалып, күй ойналды.

Наурызбек САРША,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support