- Advertisement -

Ата заң мерекесі аталып өтілді

78

- Advertisement -

Ата Заңның жиырма жылдығына орай Қазақстан халқы Ассамбллеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен Т.Рысқұлов атындағы саябақта «Мәңгілік Ел – болашағы біртұтас ел!» атты этномәдени бірлестіктерінің фестивалі өткізілді.
Қазақстан Конституциясы жиырма жылдан бері еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келеді. Өзге ұлт өкілдері қазақ жерін Отанымыз деп санайды. Баршаға тең құқық беретін мемлекеттің негізгі Заңына құрметпен қарайды. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының қатар келуін тарихи сәйкестікке балайды. Қос мерейтойдың құрметіне іс-шара ұйымдастырудағы мақсат та осы.
Ел тұтастығына негіз болған мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өткен фестивальда «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Р.Убайдуллаева мен «Махмұт Қашқари» атындағы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухаббат Тұрдыева сөз сөйлеп, мемлекетіміз үшін мән-маңызы айрықша мерейтойлар туралы кеңінен ой қозғады. Шараға қатысушы этномәдени бірлестіктер бар өнерін ортаға салды. Көрермендерге сауалдар қойылып, сыйлықтар таратылды.
Сондай-ақ, қазақ эстрадасының жас жұлдызы Әли Оқаповтың орындауындағы патриоттық әндер көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады. Тараздықтар «Динар» тобының, облыстық филармония әншілері Мадина Сағымбекова, Қайсар Көкішевтің өнеріне де зор қошемет көрсетті. Мерекелік кеш соңында аспанға отшашулар шашылып, көктен жұлдыз жауғандай әсер қалдырды.

Нұрым Сырғабаев,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support