- Advertisement -

Тартымды кеш

91

- Advertisement -

Құмарық ауылының Мәдениет үйінде Құмарық ауылдық кітапханашылары және мәдениет қызметкерлері «Ата Заңым – азат елдің арқа сүйері» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Кешке Ақерке Амантай, Әйгерім Қожайбай және Назым Кеңесбек есімді тұрақты оқырмандарымыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Кеш барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Керей мен Жәнібек сұлтандар  туралы көрініс сахналанды. Қойылымдағы басты кейіпкер­лердің бірі – қалмақ ханы Есенбұғаны Алғабас ауылдық кітапха­нашысы Рита Әубәкірова, Керей сұлтанды Қаракемер ауылдық кітапханашысы Рима Ағымбетова, Жәнібек сұлтанды Мәдениет үйінің меңгерушісі Қымбат Саймұратова сомдады. «Елім, жерім, Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрме Ата Заңның 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Нұрлы Талқанбаева,
кітапханашы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support