Құмарық ауылының Мәдениет үйінде Құмарық ауылдық кітапханашылары және мәдениет қызметкерлері «Ата Заңым – азат елдің арқа сүйері» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Кешке Ақерке Амантай, Әйгерім Қожайбай және Назым Кеңесбек есімді тұрақты оқырмандарымыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Кеш барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Керей мен Жәнібек сұлтандар туралы көрініс сахналанды. Қойылымдағы басты кейіпкерлердің бірі – қалмақ ханы Есенбұғаны Алғабас ауылдық кітапханашысы Рита Әубәкірова, Керей сұлтанды Қаракемер ауылдық кітапханашысы Рима Ағымбетова, Жәнібек сұлтанды Мәдениет үйінің меңгерушісі Қымбат Саймұратова сомдады. «Елім, жерім, Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі таныстырылды. Көрме Ата Заңның 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.
Нұрлы Талқанбаева, кітапханашы. Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




