Тоғыз боксшымыз екінші кезеңде

Тоғыз боксшымыз  екінші кезеңде
ашық дереккөз
Тоғыз боксшымыз екінші кезеңде

Азия чемпионатында бақ сынап жатқан Закир Сафиуллин мен Теміртас Жүсіпов алғашқы қарсыластарынан айласын асырды

450_55dec926c036cТайланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында рейтингі жоғары жеті боксшымыз бірден екінші кезеңге жолдама алса, қалған үш бірдей былғары қолғап шеберіміздің екеуі шаршы рингке көтеріліп, өз қарсыластарынан басым түсті. 49 келі салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов алғашқы жекпе-жегіне шри-ланкалық Палеха Мутурануэлилигемен жұдырықтасып, үш раунд бойы өзінің мықтылығын дәлелдеді. Теміртастың тастай қолдары қарсыласының бауыр тұсына да, иегіне де дөп тиді. Аяққа еркін қимылдаған қазақ боксшысы барлық компонент бойынша қарсыласынан басым түскенін төрешілердің бәрі де мойындады. Теміртастан өзге 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан оғланымыз Закир Сафиуллин де өзінің шын мықты екендігіне күмән келтірген жоқ. Ол қытайлық боксшы  Жун Шэнді үш раунд бойы соққының астына алып, өзінің шын шебер екендігін байқатты. Сонымен қазіргі кезде Азия біріншілігінің екінші кезеңіне тоғыз бірдей боксшымыз жолдама алғанын мақтанышпен айта аламыз. Енді рингке шығатын ел мақтанышы, 52 келі салмақ дәрежесіндегі оғланымыз, жамбылдық жампоз Олжас Сәттібаев қарсыласын жарыс жолынан шығаратын болса, ұлттық құрама сенім артқан он саңлағымыз түгелдей екінші кезеңде рингке беттейтін болады. Біз қазақ боксшыларына, жерлесіміз Олжас Сәттібаевқа сәттілік тілейміз. Жеңісті жорықтары жалғасты болсын!

Табиғат Абаилдаев,

"Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар