- Advertisement -

Жасөспірімдер жарап тұр

73

- Advertisement -

Көкшетау қаласында жасөспірімдер арасындағы көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату секілді ұлттық спорт түрлерінен ел чемпионаты өткізілді. Айтулы аламанда бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша көкпаршыларымыз қарсыластарының барлығын қалпақпен ұрып алып, топ жарса, аударыспақ спорты бойынша бақ сынаған жерлесіміз Ернар Жарылқасын 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі замандастарының бәрінен басым түсіп, чемпион атанды.
Көкшетау төрінде өткен дуы басым додада теңге ілу, жамбы ату спорты бойынша да жерлестеріміз жүлдегерлердің қатарынан көріне білді. Атап айтсақ, теңге ілу спорты бойынша біріншілікке қатысқан Төлеген Асанов пен жамбы ату спортының шебері Нұрболат Сарбаев секілді саңлақтарымыз үшінші орын тұғырынан көрінді. Осылайша, жамбылдық спортшылар ел біріншілігінен олжалы оралды.

Табиғат Абаилдаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support