Аққулар көрдім айдыннан...
Ұғысқан егіз жүрекпен,
Ұғысқан егіз тілекпен.
Айдынның самал-жүрегі
Толқынға мұны сыр еткен.
Сол көлді өскен жағалай
Құрақ та байсалды анадай,
Көліңе сүйеп иегін,
Тылсым бір тыным табады-ай!
Қарайды күн де жаудырап,
Жер бетін зермен жабады.
Ай сұлу әсем маужырап,
Жүзінен нұры тамады.
Аяулы-ау аққу сезімі,
Маған да аз-кем жұғысты.
Бірі-біріне ынтық жандар да
Соларша іштей ұғыссын! Бағила СӘРСЕНБАЕВА, ұстаз. Т. Рысқұлов ауданы.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




