«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сақтансаң, сау боларсың

 Сақтансаң,  сау боларсың
ашық дереккөз
Сақтансаң, сау боларсың

20150630152624Конго-қырым геморрагиялық қызбасының (безгек)  вирусы адамдарға көбінесе кенеден және үй жануарларынан жұғады. Бұл індет адамнан-адамға сырқаттың қанымен, нәжісімен, ағзасының басқа да сұйықтықтарымен тығыз қарым-қатынас жағдайында болғанда, медициналық жабдықтарды, материалдарды тиісінше зарарсыздандырылмаған күйінде және инені екінші рет қолданған кезде таралуы мүмкін. Кене шаққаннан кейінгі инкубациялық кезең үш, ең әрі кеткенде 9-10 күнге созылады. Ауру белгілері адамның дене қызуы күрт көтерілуінен, бұлшықеттің, мойын, тамақ, қарын тұсының, бел мен омыртқаның ауыруынан, бас айналуынан, көздің қабынуынан байқалады. Бұдан бөлек, лоқсу, құсу, іш өтуі, көңіл-күйдің жылдам ауысуы мен сананың шатасуы да орын алмақ. Екі-үш күннен кейін аурудың қозуы ұйқышылдыққа, жан күйзелісі мен қажығандыққа, ал қарын тұсындағы ауру жоғары оң жаққа қарай оқшауланып, бауырдың ісінуіне алып келеді. Жүрек соғысының жиілеуі, лимфа тамырларының ұлғаюы, шырышты қабықтан (ауыз қуысы мен тамақ), теріден қан кету әсерінен бөртпе пайда болуы секілді басқа да клиникалық белгілері бар. Жануарлар мен кенелер арасындағы КҚГБ инфекциясымен күресу қиын, себебі «кене-жануар-кене» циклы бізге байқалмайды және үй жануарларында аурудың айқын белгілері біліне қоймайды. Кенелер – аурудың тасымалдаушылары. Сол себептен мал өсіретін орындарда кенемен күресу жолдарын мейлінше мұқият қарастыру қажет. Жануарларға қолданатын вакцина түрлері әзірге жоқ. Бұл дертті жұқтырып алмау үшін болжанған немесе анықталған емделушілермен медицина қызметкерлері байланысқа барғанда және үлгілермен жұмыс істегенде инфекциялық бақылаудың қол тазалығы, жеке бас қорғаныс құралдарын қолдану, ине егу мен жерлеудің қауіпсіз тәсілдерінен тұратын стандартты шараларын сақтауы тиіс.

Балқия ҚАЛДЫҚҰЛОВА, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бас маманы. Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар