Бір анық нәрсе, дағдарыстың әлденеше тегеурінді толқынына төтеп беріп, талай қиындықты жасампаздықпен еңсерумен келе жатқан бір ел болса, ол – біздің мемлекетіміз. Елбасының сара саясатының арқасында әлі талай биіктерді бағындыратынымызға сенімдіміз. Тәуелсіз еліміз тарихында теңгенің еркін бағаға көшуі секілді экономикалық ахуалдың бұл бірінші байқалуы емес. Теңгенің еркін бағамы режімін енгізу қазақстандық экспорттың бәсекелестік ұстанымы мен өндірістің өсуін жаңғыртуды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Үкімет теңгенің айырым бағамын «фундаментальды ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды» ескере отырып, нарықтық сұраныс пен ұсыным негізінде қалыптастыруды ұсынып отыр. Әлбетте, айырбас бағамын өзгертудің экономиканың әлсізденуіне немесе керісінше нығаюына ықпалы болуы әбден мүмкін. Бұл тұрғыда елімізде жаңа экономикалық саясатқа байланысты орын алып отырған жағдайға байланысты бөстекі, негізсіз, даурықпа әңгіме туындатудың еш қажеті жоқ. Бүгінде әлемді дағдарыстың дендеп тұрғаны баршаға белгілі. Еуропаның бірқатар елі экономикалық дағдарыстан шығуға қаншама қам-қарекет жасаса да, жағдайлары қалыпқа түсер емес. Оған осыдан біраз уақыт бұрын экономикасы қарыштап дамыған мемлекеттер шоғырында болған Грекияның бүгінгі ахуалын мысал ретінде келтіруге болады. Ал біздің еліміз әзірге мұндай әлеуметтік-экономикалық қиын жағдайларға тап бола қойған жоқ. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын нақтылы айқындап берген «100 қадамнан» тұратын Ұлт жоспары өз ретімен кедергісіз жүзеге асырыла да беретін болады. Ал әлемдік экономикадағы және ішкі валюта нарығындағы ахуалға сәйкес айырбас бағамын өзгерту уақтылы жүзеге асырылған, экономикамызды күшейту үшін де қажетті шаралар екендігі анық. Елбасы бұл тұрғыда индустриялық-инновациялық қызмет көрсету саласын ұлғайтып, даму мүмкіндіктерін табуды қажет ететін жаңа жағдайға бейімделуді тапсырғаны белгілі. Сондықтан, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстарға баршамыз атсалысып, жаңа жағдайға бейімделуге, оған нақты іс-қимылмен жауап беруге тиіспіз. Біз сынақтың талайынан өттік. Бұл сынақтан өтерімізге де бек сенімдіміз. Дәл қазіргі сәтте бізге керегі – елдің ынтымақ-бірлігі, ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолында білек сыбанып, бұрынғыдан да бетер қажырлылықпен жұмыла еңбек ету.
Мунира ТЕМІРҒАЛИЕВА, доцент, экономика ғылымдарының кандидаты.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді