- Advertisement -

Акцияға қызу атсалысуда

71

- Advertisement -

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Бақытты балалық шақ», «Бақытты отбасы» жобаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінге дейін «Мектепке жол» акциясы  аясында партияның аумақтық филиалдары мен бастауыш ұйымдары, Саяси кеңесі мүшелері тарапынан жалпы облыс бойынша жағдайы төмен отбасылардан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 210 балаға мектеп формалары мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар тапсырылған екен.
Бұрнағы күні партияның облыстық филиалы бірқатар көп балалы, әлеуметтік аз қорғалған отбасыларынан шыққан жеткіншектерді қабылдап, оларды бастан-аяқ киіндіріп, спорттық форма, сөмке және оқуға қажетті құрал-жабдықтармен де көмектесті. Мұндай сый-сияпатқа бұл жолы Тараз қаласындағы № 25, 54 мектептердің оқушылары Қанағат Таласбек, Алма Қаршыға, Орынбасар Ержігіт, Ақбөпе Ақыл, Дариға Арғынбаева секілді оқушылар ие болды. Олардың арасында биыл бірінші сыныпқа баратындары да бар.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат:
-Бүгінде еліміздің экономикасы жылдан-жылға жақсару үстінде.  Ата Заңымыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қайырымдылық шараларының көптеп өткізіліп жатқаны да соның бір дәлеліндей. Әлеуетіміз бұдан әрі де өсіп, еліміздің гүлденіп, көркейе беретініне сеніміміз мол. Бүгінгі жас жеткіншектеріміз  ертеңгі күні ел мүддесін қорғап, игілігін үстейтін азамат болып өсетіні анық, — деп оларға филиал атынан сый-тартулар табыс етті.
Бұл күні оқуға керек-жарағын, тіпті  ақ бантиктеріне дейін түгелдеп берген аға-апаларына деген ризалығы жеткіншектердің бал-бұл жанған жүздерінен айқын білініп тұрды. Көп балалы ана  М. Ақылова  «Бүгінде бір баланың өзін мектепке дайындау ата-аналар үшін едәуір қиындыққа түседі. Тұңғышым Ақбөпенің бірінші сыныпқа баруына орай бұл үлкен көмек болды» деп филиал басшыларына ата-аналар атынан шынайы алғысын жеткізді.

Баймаханбет АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support