- Advertisement -

Ата заңның тарихи маңызы зор

360

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді еліміз үшін аса маңызды және жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлтымыздың ұлан-ғайыр тарихында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Әз Тәукенің жеті жарғысы» сияқты іргелі заңдардан бастау алған Конституциямыз – бүгінгі қол жеткізген табыстарымыздың бастауы. Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған Ата Заңның тарихи маңызы зор.
Конституцияда көрсетілгендей, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ал негізгі Заңымыз – еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің кепілі. Қазақстан Конституциясының: «Біз ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы…», – деп басталуы тегін емес. Конституция барлық қазақстандықтарға тең мүмкіндік берді, бірлігімізді нығайтты, тұрақтылық пен келісімнің негізі, жасампаздықтың символы және үлкен істер мен қазіргі жеңістеріміздің бастау көзі болды.
Негізгі Заңды қабылдаған сәттен бастап мемлекеттілікті нығайту, экономиканың өсуі, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен мемлекеттің халықаралық абыройының артуы үшін көп жұмыс атқарылды. Осының бәріне Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты, Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгендігіміз даусыз. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады.
Осы жылдар аралығында еліміздің қаншалықты дамығанын біздің облысымыздан да байқауға болады. Бүгінде өңірде индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылып, қоғамдық саяси тұрақтылықты баянды еткен әлеуметтік жаңғыртуларға ерекше көңіл аударылуда.
Қымбатты жерлестер!
Ата Заң арқылы биік асуларды бағындырдық. Сөйтіп, жаңа кезеңге қадам бастық. Конституцияны құрметтеу және оның нормаларын сақтау қоғамдық келісімді, тәртіпті, бейбітшілік пен тыныштықты орнықтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған Бас құжатымызды ардақтауға тиіспіз!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын!

Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support