- Advertisement -

Ата заңның асуы – елдіктің арқауы

116

- Advertisement -

IMG_025++5Тараз қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Нұржан Календеровтің қатысуымен өткен жиында бірқатар мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады. Жиын барысында  Конституцияның 20 жылдығына орай Елбасымыздың 2015 жылғы 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорын басшылары «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медалімен, облыстық Ассамблеяның Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медаліне ие болғандардың арасында әріптесіміз, облыстық «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы Әділбек Баққараұлы, облыстық «Знамя труда» газетінің жауапты хатшысы Көкен Оршабеков және қалалық «Жамбыл Тараз» газетінің директор-бас редакторының орынбасары  Ерман Әбдиев бар.
«Конституция күні – барша қазақстандықтар үшін манызды мереке. Ата Заңымыздың негізінде, таңдаған жолымыздың дұрыстығының арқасында, ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өтіп келеміз. Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз еліміз үшін маңызды реформаларды жүргіздік, нарықтық экономиканы құрдық және демократиялық қоғамды қалыптастырдық», – деді қала әкімі Нұржан Календеров марапат иелерін мерекелерімен құттықтап.

Қанат Тілепберген,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support