Асқақтаттың Отанымның жүрегін
Азаттықтың арайынан бақ дарып,
Ата Заңым қара қылды қақ жарып.
Ана тілдің мәртебесін көтерді,
Армандаған ел үміті ақталып.
Бар халықты қуанышқа кенелтті,
Түрлі ұлттың терезесін теңелтті.
Әнұраны, Елтаңбасы, Туы бар,
Туған жерге өзімізді еге етті.
Әділетті үкім айтып әр дауда,
Ақиқаттың ақ сұңқары самғауда.
Төле, Әйтеке, Қазыбектің мұратын,
Нұрсұлтанның нұрлы жолы жалғауда.
«Қасқа жол» мен «Ескі жолдар» сән құрып,
«Жеті жарғы» жетті бізге жаңғырып.
Халықпенен бірге жасап келеді,
Ай мен күндей аспандағы мәңгілік.
Ата Заңым – шамшырағым, тірегім,
Асқақтаттың Отанымның жүрегін.
Аялай бер, әлпештей бер саяңда,
Алтын бесік Қазақстан – ұлы Елім!!! Шырын Мамасерікова, ақын.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




